Accessibility links

Ресми Пхеньян Сеулмен арадағы келісімдерін мойындамайды


Солтүстік Корея бейбіт бірігу туралы Оңтүстік Кореямен арадағы барлық келісімнен шығатынын мәлімдеді.
Корея елдерінің бейбіт жолмен бірігуі бойынша Солтүстік Корея комитетінің мәлімдемесінде мұндай қадамға Сеулдің ұрдажық саясаты себеп болғаны айтылады.
Ресми Пхеньян атап айтқанда бітім бір-біріне шабуыл жасамау, ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Кореялар арасындағы Сары теңіздегі шекара туралы келісімдерді мойындамайды.
Ол туралы Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігін сілтеген “Рейтер” агенттігі хабарлайды.
XS
SM
MD
LG