Accessibility links

Түрік премьері Эрдоган өз елінде қаһарманға айналды


Бейсенбі күні Израиль президенті Шимон Переспен арадағы дауынан кейін Давостағы халықаралық экономикалық форумының мәжілісін тастап кетіп қалған түрік премьер-министрі Режеп Тайып Эрдоганды туған елінде мыңдаған адам қаһарман ретінде құрметпен қарсы алды.
Хабарға қарағанда, Түркия мен Палестина автономиясының туларын ұстаған 5 мыңдай жұрт Эрдоганды әуежайда қарсы алды.
Бейсенбі күні кешкісін Давос форумынд түрік премьері Израиль президенті Ш.Перестің Газа аймағындағы соғыс қимылдары туралы сөзін өткір сынға алып, одан кейін сөзін бөле бергені үшін жүргізушіні айыптап, мәжілісті тастап шығып кетті.
XS
SM
MD
LG