Accessibility links

Н.Назарбаев Давоста бірқатар кездесу өткізді


Дүниежүзілік Давос форумының шеңберінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Мемлекет басшысының баспасөз-қызметі хабарлағандай, Ұлыбритания патшасы отбасының мүшесі Йорк герцогі Эндрю мен Еуропаның даму және қайта құру банкінің президенті Томас Мировты қабылдады.
Қазақ президенті, сонымен қатар, Израиль президенті Шимон Переспен кездесуі барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге Ақорданың мүдделі екенін мәлімдеді. Н.Назарбаев Түркия премьер-министрі Р.Т.Эрдоганмен бейресми жүздесіп, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты өркендету мәселесін сөз етті.
XS
SM
MD
LG