Accessibility links

Иран мен АҚШ Таяу Шығыс проблемасында ортақ тіл таба алады


Егер Америка Құрама Штаттары Таяу Шығыс аймағындағы саясаты мен әдіс-тәсілдерін өзгертсе, ресми Теһран АҚШ президенті Барак Обамамен ынтымақтасуға әзір. Иранның сыртқы істер министрі Манучер Моттақи осылай деп мәлімдеді.
Давостағы дүниежүзілік экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Моттақи ескерткендей, егер Вашингтон өзінің Таяу Шығыстағы саясатын өзгертетін болса, онда Теһран мен Вашингтон Таяу Шығыс проблемасына деген ортақ көзқарасқа келе алады.

Өз кезегінде Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс мәлімдегендей, Вашингтон Иранмен тікелей келіссөзге барудың жолдарын қарастыру үстінде. Бірақ Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад Вашингтонмен байланысудың дұрыс жолын таба ала ма, өйткені сыртқы саясатқа Иран мемлекетінің басшысы аятолла Хаменеи жауапты. Р.Гиббстің ескертуінше, міне бар проблема осында.
XS
SM
MD
LG