Accessibility links

АҚШ-пен келіссөз өткізу үшін Пхеньян Сеулмен дауласты


Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен арадағы барлық келісімнен шығатынын мәлімдеді.
Корея елдерінің бейбіт жолмен бірігуі бойынша Солтүстік Корея комитеті мұндай қадамға Сеулдің ұстанған “агрессивті саясаты” себеп болды деп мәлімдейді.
Ресми Пхеньянның мойындағысы келмейтін келісімдерінің бірі - Солтүстік және Оңтүстік Кореялардың Сары теңіздегі шекара туралы келісімі.
Сарапшылардың пікірінше, соңғы дау екі елдің арасындағы шекарада қарулы қақтығыс шығу мүмкіндігін ұлғайта түсті. Өзге сарапшыларлдың есептеуінше, Ақ үйдің жаңа әкімлішігімен келіссөз жүргізуге көбірек еркіндік алу үшін ресми Пхеньян өзінің оңтүстік көршісімен қарым-қатынасын бұзғысы келеді.
Өз кезегінде Оңтүстік Корея қырғиқабақ көрсеткенше, Пхеньян бейбіт диалогты жалғастырады деген үмітін білдірді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG