Accessibility links

Ирақта Дж.Бушты қос бәтеңкесімен атқылаған журналисті қадірлейді


Ирақта АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Бушқа өзінің аяқ киімін лақтырған журналистің құрметіне алып бәтеңке түріндегі ескерткіш пайда болды. Шыны талшық пен мыстан құйылған монумент өлім жазасына кесілген диктатор Саддам Хусейннің туған қаласы Тикритте ақ мінберге орнатылды.

Өткен желтоқсан айында Бағдад қаласындағы баспасөз-маслихатының барысында “Әл-Бағдадия” телеарнасының тілшісі Мунтазир Әз-Зайди өзінің көзқарасын білдіру үшін АҚШ-тың сол тұстағы президенті Дж.Бушқа өзінің екі бәтеңкесін шешіп лақтырған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG