Accessibility links

2008 жылы 128 АҚШ жауынгері өзіне қол салып өлді


Өткен жылы Америка армиясының қатарында өзіне қол салып өлгендердің саны 11 пайызға ұлғайды. Армия басшылығының жаңа жарық көрген есебіне сәйкес, 2008 жылы 128 әскери қызметкер өзіне өзі қол жұпсап өлген. Тағы 15 өлім “өзіне қол салып өлген жайт болуы мүмкін” деп сипатталады, бірақ олардың түпкілікті себептері тергелуде.
АҚШ-тың жаяу әскері штабы бастығының орынбасары, генерал Питер Чиарелли мәлімдегендей, әскери қызметкерлерге психологиялық көмек көрсетуді жетілдіру үшін армия басшылығы төтенше шаралар қабылдайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG