Accessibility links

Каспийдің экологиясын қорғайтын бағдарлама Астанаға көшеді


Каспийдің экологиялық бағдарламасының кеңсесі Теһраннан Астанаға көшеді. Ол туралы Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов министрліктің алқа мәжілісінде хабарлады.
Оның атап көрсетуінше, “Каспий конвенциясы” бойынша өз міндеттемелеріне сәйкес Қазақстан теңіздің қоршаған ортасын қорғайтын іс-шараның ұлттық жоспарын әзірледі.
Каспийдің экологиялық бағдарламасы теңіз жағалауындағы 5 елдің бастамасымен 1995 жылы құрылды. Каспий елдері мен 4 демеушінің [БҰҰ-ның Даму және Экологиялық бағдарламалары, TACIS даму бағдарламасы және Дүниежүзілік банк] өзара келісіміне сәйкес, әр ел тек өз міндеттемесіне жауапты. Оның ішінде Алматыда теңіз деңгейінің құбылуын бақылайтын Орталық құрылса, Ашхабадта – шөлге айналудан қорғау, Бакуде – теңіздің ластануын бақылау, ал Ресейдің Астрахан қаласында – құнды биоресурстарды зерттеу Орталығы құрылды.
XS
SM
MD
LG