Accessibility links

Ирақта жергілікті кеңестердің сайлауы басталды


Қауіпсіздіктің қатаң шаралары қабылданған Ирақ тұрғындары бүгін жергілікті кеңестерді сайлауға қатысуда.
18 облыс-өлкенің 14-індегі кеңестерге 440 өкіл сайлау үшін 14.400-ге жуық үміткер бақ сынауда. Астана уақытымен кешкі сағат 8-де аяқталатын сайлауға 15 миллионға жуық Ирақ халқы дауыс бере алады.
Қазіргі сайлауға сүнниттер белсенді қатысуы мүмкін. Өйткені, шийттер мен сүнниттердің арасындағы қантөгістің салдарынан олар 4 жыл бұрынғы сайлауға қатыспаған болатын.
Түрлі қастандыққа жол бермеу үшін сайлау барысын мыңдаған полицей мен армия жауынгері күзетіп жүр. Оған қоса Бағдат, Мосул, Әл-Басра сынды ірі қалаларға комендант тәртібі орнатылып, автокөліктің қозғалысы тоқтатылды. Соған қарамастан, сенбі күні өліиге кесілген диктатор Саддам Хусеиннің туған қаласы – Тикритте минаатқыштың 3 оғы жарылды. Қаза тапқандар жоқ.
XS
SM
MD
LG