Accessibility links

Ресейде В.Путиннің үкімет басынан кетуін талап етуде


Сенбі күні Ресейдің Қиыр Шығысында үкіметтің саясатына қарсы наразылық митингісіне мыңдаған адам шықты. “Эхо Москвы” радиосының хабарлауынша, Владивосток пен Хабаровск қалаларында митингіге 5 мыңдай адам қатысты.
Оппозицияның белсенділері премьер-министр Владимир Путиннің үкіметі басынан кетуін талап етіп, бүкіл елде наразылық толқынын көтеретіндерін мәлімдейді.
Сенбі күнгі митингіге әсіре-ұлтшыл бәлшебектер партиясынан бастап, шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаровтың үзеңгілестері және коммунистер шықты. Қоғамдық тәртіпті милицияның күшейтілген жасақтары қадағалап тұрды. Оппозицияның бір өкілі ұсталды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG