Accessibility links

Ресейдегі наразылық толқыны бүкіл елді қамтуы мүмкін


Сенбі күні Ресейдің Қиыр Шығысында мыңдаған адам үкіметтің саясатына қарсы наразылық митингілеріне шықты және наразылық толқыны бүкіл Ресейді қамтуы мүмкін. “Эхо Москвы” радиосының хабарлауынша, Владивосток пен Хабаровск қалаларында митингіге 5 мыңдай адам қатысты.
Оппозицияның белсенділері премьер-министр Владимир Путиннің үкіметі басынан кетуін талап етеді.
Митингілерге әсіре-ұлтшыл бәлшебектер партиясынан бастап, шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаровтың “Другая Россия” немесе “Өзге Ресей” қозғалысы мен коммунистер шықты. Бір ғана Мәскеуде 20 шақты наразылық митингісі жоспарланды. Алайда, Ресейдің ішкі істер министрлігі рұқсатсыз шара өткізуге жол бермейтінін қатаң ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG