Accessibility links

Ауғанстанда Канаданың 108 жауынгері мерт болды


Жексенбі күні Кабулдың түбінде жанпидашыл содыр халықаралық күштердің әскери керуеніне шабуыл жасамақшы болды. Баспасөз агенттіктерінің хабарлауынша, содырдың өзінен басқа ешкім қаза болған жоқ, өтіп бара жатқан 3 кісі жараланды. Бұл қастандықты да тәліптер өз жауапкершілігіне алып отыр.
Сенбі күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласының іргесінде Канаданың бір жауынгері минаға жарылып мерт болды. Жалпы соғыс қимылдары басталған уақыттан бері Канада Ауғанстанда 108 жауынгерінен айрылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG