Accessibility links

Израиль Газа аймағына тағы да соққы беруі мүмкін


Израиль премьер-министр Эхуд Ольмерт елдің оңтүстік аудандарын Газа аймағынан тағы да атқылауға байланысты оған еселеп кек қайтарылуы мүмкін деп ескертеді.
Жексенбі күні үкіметтің мәжілісінде Ольмерт егер содырлар шабуылдарын тыймаса, Израиль өз уәдесінде тұрып, Газаға тағы да соққы беруі ықтимал деп мәлімдеді.
Жексенбі күні Газадан жіберілген кем дегенде 4 зымыран Израильдің оңтүстігіне түсіп жарылды. Бірақ зардап шеккендер жоқ.
Израильдің ХАМАС ұйымына қарсы соғыс операциясы 18 қаңтарда аяқталды. Сол күннен бері жалғасқан бітім үнемі бұзылып келеді.
XS
SM
MD
LG