Accessibility links

Ұлыбританияның лордтар палатасы да парадан жиренбейді


Ұлыбритания парламентінің жоғарғы - лордтар палатасындағы 4 мүшесінің пара алмақ болған оқиғасын тергеу басталды.
Жергілікті тілшіміздің хабарлауынша, журналистер пара үшін заң жобаларын парламенттің қарауына ұсынуға келіскен лордтардың әңгімесін астыртын жазып алған. Газеттер танымал News of the World таблойдының жүргізген тергеуінің қорытындысын жариялаған соң, бұл жанжал тіпті асқынып кетті. Тергеудің қорытындысына сәйкес, лордтар палатасының тағы бір мүшесі – Маккензи – Ресейдің шетелде бас сауғалап жүрген қаржыгері Владимир Гусинскийдің меншігіне жататын Inter-TV компаниясынан 6 жылдың ішінде 600 мыңнан астам фунт стерлинг ақша алып, онысын жасырып келген. Таблойдтың ақпары бойынша, Маккензи Inter-TV-дің директоры болып саналған, бірақ алған жалақысын жасырып келген.
XS
SM
MD
LG