Accessibility links

Мәскеу: әсіре ұлтшылардың көсемі түрмеде 1 тәулік отырады


Тыйым салынған Ұлтшыл-бәлшебектік партияның көсемі Эдуард Лимонов сенбі күні Мәскеудегі рұқсатсыз наразылық шарасына қатысқаны үшін 1 тәулікке қамалды. Партияның баспасөз-хатшысы Александр Аверин хабарлағандай, жексенбі күні партия көсемі Тверь аудандық милициясының абақтысынан босатылуға тиіс еді. Оппозицияның тағы бірнеше ондаған белсендісі қамауда қалды. Авериннің сөзіне қарағанда, оларға соттың шешімі де осы күні шығарылуға тиіс.
Сенбі күні оппозицияның рұқсатсыз наразылық шеруіне қатысқан 40-тан 60-қа жуық өкілі ұсталды.
Оппозицияның да, билікті қолдаушылардың да жаппай шеруі мен митингісі сенбі күні Ресейдің көптеген облыс-өлкесінде болып өтті.
XS
SM
MD
LG