Accessibility links

БҰҰ: биыл Ауғанстанда көкнәр егістігі кемиді


Біріккен ұлттар ұйымы апиын бағасының төмендеуі мен, керісінше, дәнді дақылдардың қымбаттауына байланысты биыл Ауғанстанда көкнәр егістігі біршама қысқарады деп есептейді. Дәнді дақылдардың күрт қымбаттауы дихандарды көкнәрді қойып, егін егуге ынталандырған көрінеді.
Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыстар бойынша Агенттігінің жексенбі күні жариялаған қысқы есебі бойынша, көкнәр егістігі жойылған Ауғанстан өлкелерінің саны өткен жылғы 18-ден биыл 22-ге жетуі әбден мүмкін. Ауғанстанның 34 облыс-өлкесі бар. Өткен жылы Ауғанстанда бүкіл әлемдегі апиынның 90 пайызы өндірілді.
XS
SM
MD
LG