Accessibility links

Жамбылда 3-4 баллдық жер сілкінісі байқалды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының Мерке және Ойтал ауылдарында MSK-64 шкаласы бойынша күші 3-4 баллдық жер асты дүмпулері сезілген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ҚР сейсмология институтының ақпаратынша, Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында 1-ақпан күні 11,5 энергетикалық класты жер асты дүмпуі болған, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 261-шақырым жерде.

XS
SM
MD
LG