Accessibility links

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 1 трлн 330 млрд теңге


Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2009 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 1 трлн 330 млрд теңге болды, — деп мәлім етті бүгін өткен үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев.

Министрдің айтуынша, ішкі үкіметтік қарыз 820 млрд теңге немесе мемлекеттік қарыздың 80,8 пайызын құрады. 2008 жылы ол 308 млрд теңгеге жетті. Оған себеп республиканың бағалы қағаздар нарығында 2008 жылы 465 млрд теңге көлемінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар орналастырылды. Ал 158 млрд теңгесі өтелді.

«Сыртқы қарыз 195 млрд теңгені құрайды немесе үкіметтік берешектің 19 пайызына тең. Жалпы үкіметтің қарызы 1 трлн 15 млрд теңгені құрайды», — деді қаржы министрі.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG