Accessibility links

Молдовада сайлау сәуірде өтпек


Молдовада парламенттік сайлаулар сәуір айында өтетін болды. Осы мәселеге байланысты Молдова парламенті бір ауыздан бүгін дауыс берді. Украина мен Румыния арасында орналасқан Молдовада президентті парламент сайлайды. Коммунист Владимир Воронин бұл елді 8 жылдан бері басқарып келеді. Ол үшінші мерзімге сайлана алмайды. Бірақ Воронин одан әрі билікте қалу үшін әрекет етіп көреді деген болжам айтылуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG