Accessibility links

Палестина басшысы Парижде келіссөз өткізуде


Франция президенті Николя Саркози бүгін Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен және Қатар премьер-министрімен кездесуде. Олар Газа секторындағы зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған келіссөздер өткізуде.

Ал бұл екі арада, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы өкілі Джордж Митчелл Франция сыртқы істер министрі Бернард Кушнермен кездесіп жатыр. Палестина дәрігерлерінің айтуынша, бүгін Газадағы Израиль шабуылдарынан бір палестиналық азамат қаза тауып, үшеуі жараланған. Израиль армиясы әлгі шабуыл бүлікшілердің көлігіне бағытталған еді дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG