Accessibility links

НАТО: Қырғызстандағы АҚШ базасы жабылмасын


АҚШ базасын жабу жөніндегі Қырғыз билігінің кез келген шешіміне НАТО өкініш білдіретін болады. НАТО-ның Кафказ бен Орталық Азиядағы арнайы өкілі Роберт Симмонс Бішкекте осындай мәлімдеме жасады.

Соңғы айларда Қырғызстанда Манас әуе базасының жабылуын талап еткен бірқатар наразылық шерулері ұйымдастырылған болатын. Ирақ пен Ауғанстандағы АҚШ күштерінің қолбасшысы генерал Дэвид Петреус өткен айда қырғыз ресмилері әлгі әуе базасын жабуды жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG