Accessibility links

Ресейлік құқық қорғаушылар қырғыз елшісін сынады


Адам құқықтары бойынша “Мемориал” мен “Сова” орталықтары қырғыз елшісі мен нәсілшілдік тобының жетекшісі арасында орын алған кездесулерді айыптады. Дипломат Райымқұл Аттакуров “Дело Номер” басылымына берген сұхбатында желтоқсан мен қаңтар айларында өзінің әсіре ұлтыш Славян одағының басшысы Дмитрий Демушкинмен кездескенін мәлімдеді. Аттакуров өз жұмысының Ресейдегі қырғыз азаматтарын қорғауға бағытталғанын айтты. Славян одағы белсенді түрде Орталық Азиядан келген мигранттарға қарсы жеккөрушілікті қоздырады.

Адам құқықтары бойынша топтардың айтуынша, өткен жылы Ресейде нәсілшілдік негізіндегі шабуылдардан 122 адам қаза тауып, 377 адам жарақат алған.
XS
SM
MD
LG