Accessibility links

Елшілікке жер беру туралы келісімге қол қойылмақ


ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлауынша, ертең Астана қаласында ҚР үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің үкіметі арасындағы Сауд Арабиясы Корольдігі елшілігінің объектілерін салу үшін жер учаскесін беру туралы келісімге қол қою рәсімі болады. Аталмыш құжатқа ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Ермекбаев пен Қазақстандағы Сауд Арабиясының елшісі Хишам Зараа қол қояды.
1996 жылдың мамыр айында Эр-Рияд қаласында Қазақстанның елшілігі ашылды, ал Сауд Арабиясының елшілігі Қазақстанда 1997 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс істеуде.

XS
SM
MD
LG