Accessibility links

Астанада өгей бауыры өлтірген әйелдің мәйіті табылды


Бұл туралы мәлім еткен Астана қалалық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битеновтің айтуынша, «осы жылдың 29-қаңтарында Астана қалалық ІІД -не шағымдана келген Б есімді азамат өзімен бірге тұрып жатқан әйелдің жоғалып кеткенін хабарлаған. Тексеру шараларының нәтижесінде әйелдің пәтерін заңсыз сату дерегі анықталып, пәтердің саудасына оның өгей бауырының қатысы бар екендігі белгілі болған.

Жәбірленуші әйелдің өгей бауыры бұрын сотталған, түрмеден 2008 жылдың желтоқсан айында босап шыққан. Тексеру барысында тәртіп сақшыларының назарына оның бауырымен бірге бір абақтыда жазасын өтеп шыққан қылмыстық топ іліккен. Олар жәбірленуші әйелдің пәтерін иемденіп алу үшін оны өлтірген.

Әйелдің өгей інісі пәтердің құқықтық құжаттары мен оның жеке куәлігін ұрлап алып, екінші бір жалған тұлғалардың көмегімен нотариуста бас сенімхатты рәсімдегені анықталды. Осы сенімхатты пайдаланған ол пәтерді үшінші біреулерге 26 мың долларға сатып жіберген.

«Әйелдің мәйітін тәртіп сақшылары қаланың сыртындағы ет комбинатының аймағынан тапты. Нақтылған мәліметтерге сәйкес, өлтірілген әйел 25 жаста болған. Қазір осы ауыр қылмысқа қатысы барлар толық ұсталды», — деді ІІД төрағасының бірінші орынбасары.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG