Accessibility links

Обама Ирақтан АҚШ әскерін шығару жоспарын талқылады


АҚШ президенті Барак Обама Ирақтан АҚШ әскерін шығару жоспарын Ирақ басшыларымен ақылдасты. Ақ үй хабарына қарағанда, Обама дүйсенбіде Ирақ үкімет басшысы Нури әл-Маликимен және президент Жалал Талабанимен телефон арқылы сөйлесті. Обаманың айтуынша, 140 мыңдай АҚШ әскерінің соңғысы 2010 жылы Ирақтан шығарылатын болады.

Обама сондай-ақ ирақтықтарды сенбі күні салыстырмалы түрде тыныштықта өткен сайлауларымен құттықтады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG