Accessibility links

Қырғызстан президенті Мәскеуге 2 күндік сапармен барды


Қырғыз президенті Құрманбек Бакиев Ресейге сейсенбіде басталған жұмыс сапары барысында ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездеспекші. Оның барысында екі жақты саяси-әскери және экономикалық байланыстар талқыланады. Екі күндік бұл сапар кезінде бірнеше келісімшарттарға қол қойылады деп күтілуде.
Ресейдің Қырғызстанға беретін екі миллиард долларлық несиесі де талқылануы мүмкін. Оның 300 миллион доллары Қырғыз мемлекеттік бюджетін күшейтуге жұмсалып, қалғандары Нарын өзеніндегі Қамбар ата су электр бекетіне және басқа да құрлыстарға жұмсалмақшы. Бакиев бұл жолы Ұжымдық қауіпсіздік ұйымы және Еуразияның экономикалық қауымдастығы ұйымының Мәскеуде, ақпанның 4-де болатын саммиттеріне қатысады.

XS
SM
MD
LG