Accessibility links

АҚШ-тың жаңа бас прокуроры анықталды


АҚШ Сенаты елдің Бас прокуроры етіп Ерик Холдерді бекітті. Ол осы қызметтегі алғашқы афро-америкалық болмақшы. Холдер қызметіне кірісісімен президент Барак Обаманың Гуантанамодағы АҚШ түрмесін жабу жоспарын жүзеге асыруға жауапты тұлға болады. Ол сондай-ақ лаңкестікте айыпталушыларды тұтқындау мен тергеу амалдарының жаңа саясатын қалыптастырмақшы. Холдер Билл Клинтон әкімшілігінде Әділет департаментінде жауапты қызметте болды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG