Accessibility links

Н.Назарбаев ҰҚШҰ кеңесінің отырысына қатыспақ


Бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ Сыртқы істер, Қорғаныс министрлері және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы басталады.
Аталған отырысқа қатысу үшін ҚР мемлекет басшысы Н.Назарбаев Германиядан Мәскеуге ұшып келді.Жиын барысында 2008 жылы 19-21 желтоқсан аралығында Бурабайда өткен мемлекет басшылары саммитіндегі бастамаға сәйкес ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел әрекет ету күштерін құру мәселесі талқыланбақ.
Сонымен қатар Бурабайдағы саммитте қол жеткен келісімдерге сай Ғаламдық дағдарысқа қарсы қор және Жоғары технологиялар орталығын құру мәселелерін қарастыратын ЕурАзЭҚ Үкіметаралық кеңесі отырысы өтпек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG