Accessibility links

Алматыда тал түсте зейнеткерді тонап кетті


Алматыда тонаушылар 69 жастағы зейнеткерді тонап, 30 мың теңге ақшасы мен Romanson маркалы алтын сағатын тартып алып, оның 2008 жылғы Toyota Land Cruiser көлігін мініп кеткен. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары да растап отыр.
Атын атамаған ақпарат көзінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданының аумағында Төлебаев пен Шевченко көшелерінің қиылысына жақын жерде болған. Полицияның аңдуынан қашқан тонаушылар көлікті жолға қалдырып, сағат пен ақшаны алып кеткен. Алдын ала ақпарат бойынша, шығынның көлемі 600 мың теңге болып отыр.

XS
SM
MD
LG