Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Ауғанстанға барды


Ақпанның 4-де басталған бұл сапарында Пан Ги Мун мырза Ауған президенті Хамид Қарзаймен және НАТО әскер басшыларымен сөйлеспекші.

Панның бұл күтпеген сапарынан бір күн бұрын БҰҰ 2008 жылы Ауғанстанда қаза болған қарапайым тұрғындар саны 2100-ге жетті деп жариялаған болатын. Мұның өзі 2007 жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп. БҰҰ 2009 жылға Ауғанстан үшін 604 миллион доллар қаржы сұрап отыр.

Бас хатшы сапары Пәкістанға қарай жалғасады.
XS
SM
MD
LG