Accessibility links

Қазақстан бүгін теңгені 20 пайызға девальвациялады


Қазақ теңгесінің құнсыздануы әлемдік қаржылық дағдарыспен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы деңгейін 150 теңге шамасында ұстап тұратынын айтқан еді. Бұдан бұрын бір доллардың бағамы 122 теңге болатын.

Теңгенің құнсызданатыны жөніндегі әңгімелер Беларус, Ресей және Украин елдері өз ақшаларының 20 мен 47 пайыз деңгейінде құлдырауына мүмкіндік бергеннен кейін айтыла бастаған болатын.

Ел билігі “теңге 10 пайыздан жоғары құнсызданбайды” деп өткен айда мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG