Accessibility links

Хұқық қорғаушылар Түркмен саяси тұтқындарының босатылуына шақыруда


Адам хұқын қорғаушы 8 топ Түркменстандағы саяси тұтқындардың босатылуына шақыруда. Олар аталған шақыруларын президент Гурбангулы Бердімұхамедовқа ашық хаттарында мәлімдеді. Хұқық қорғаушылар әсіресе Аннагурбан Аманкличев пен Сапардурды Хажиевтің босатылуына шақыруда. Олар 2006 жылы Түркменстан туралы деректі фильм түсіргісі келген Франция теледидарымен әріптестік орнатқандары үшін әрқайсысы 7 жылға бас бостандықтарынан айрылған болатын.

Хұқық қорғаушылар сонымен бірге Түркменстан түрмесінде 2006 жылы қаза болған, Азаттық радиосының тілшісі Огулсапар Мурадованың өлімі себебін зерттеуге шақырды.


XS
SM
MD
LG