Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Пәкістанға барды


Ақпанның 4-де басталған бұл сапарында Пан Ги Мун мырза әуелі Кабулда болып, Ауған президенті Хамид Қарзаймен және НАТО әскер басшыларымен сөйлесті. Панның бұл күтпеген сапарынан бір күн бұрын БҰҰ 2008 жылы Ауғанстанда қаза болған қарапайым тұрғындар саны 2100-ге жетті деп жариялаған болатын. Мұның өзі 2007 жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп. БҰҰ 2009 жылға Ауғанстан үшін 604 миллион доллар қаржы сұрап отыр. Бас хатшы Пәкістанда бұрынғы үкімет басшысы Беназир Бхуттоның өлімін зерттеуге арналған БҰҰ комиссиясының құрылуын ел басшыларымен сөйлеспекші.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG