Accessibility links

Иранмен дипломатиялық байланыстарға мүмкіндік бар


Иранның ядролық бағдарламасын дипломатиялық жолымен шешу ойластырылуда. Германияның Виесбаден қаласында басқосқан әлемдік 6 ірі ел өкілдері бүгін осындай тоқтамға келді. Олар АҚШ президенті Барак Обаманың Иранмен тікелей диалог орнатпақ ниетін қолдады. Иран осыдан бір күн бұрын ғарышқа алғашқы сателлитін ұшырғандарын мәлімдеген болатын. Бұл жаңалық көптеген Батыс елдерінде алаңдаушылық туындатып отыр. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Құрама Штаттардың ресми Теһранмен “қатаң да тікелей” дипломатияға қол жеткізетінін айтты. Клинтон сондай-ақ егер Иран халықаралық талаптарды орындамаса, оның қатаң нәтижесі болуы мүмкін деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG