Accessibility links

Жол апатынан екі адам қаза тапты


Бұл туралы хабарлаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы қаласы Алмалы ауданындағы Сейфуллин мен Жібек жолы көшелерінің қиылысында «Ауди» және «Мерседес» көліктері соқтығысып, соның салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен «Аудидің» 3 жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының Қалыбеков ауылында «Опель» және «Ауди» көліктері соқтығысып, апат кесірінен «Аудидің» 30 жастағы жүргізушісі мен оның 45 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған, қалған жолаушылар мен «Опель» жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті.

XS
SM
MD
LG