Accessibility links

Мәскеуде шешен азаматы атып өлтірілді


Шешен астанасы мэрінің бұрынғы орынбасары Гилани Шепиев ақпанның 4-і күні Мәскеуде атып өлтірілді. Ол Мәскеудің батысында, үйіне қайтып бара жатқан жолында өлім құшқан екен. 2006 жылы өміріне қастандық жасалып, жараланғаннан кейін ол Мәскеуге қоныс аударған болатын.

Шешенстанда жоғарғы лауазымда болған осымен үшінші азамат өткен қыркүйектен бері өлім құшып отыр.
XS
SM
MD
LG