Accessibility links

Холбрук Ауған мәселесімен Оңтүстік Азияға бармақшы


АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі Ричард Холбрук келесі аптада аталған қос ел мен Үндістанға барады. Сапар мақсаты-Ауғанстанда тұрақтылықты орнату жолдарын ақылдасу. Холбрук бұл сапарынан бұрын Лондонға, содан кейін Мюньхен қаласына бармақшы. Онда ол осы аптада қауіпсіздік конференциясына қатысатын болады. Оңтүстік Азияға сапарының нақты мерзімі айтыла қойған жоқ. АҚШ президенті Барак Обама аталған қызметке Холбрукты тағайындап отыр.


AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG