Accessibility links

Ирақ аймақтық сайлауларының алғашқы нәтижесі белгілі болды


Ол бойынша Мемлекеттік заңдылық коалициясы атты одақ Бағдат, Басра қалалары бойынша жеңіске жетті. Бұл-үкімет басшысы Нури әл-Мәликидің одақтастары біріккен ұйым. Аталған қорытындыны елдегі тәуелсіз сайлау комиссиясы жариялап отыр. Елдегі 18 аймақтың 14-де сенбі күні аймақтық сайлаулар өткен-ді. Мұның өзі 2003 жылы АҚШ-тың бастауындағы күштер елге енгелі бері болған алғашқы бейбіт сайлау еді. Иранмен тығыз байланыстағы Ирақ Ислам жоғарғы кеңесі партиясы болса жеңіліске ұшырайтын түрі бар.
XS
SM
MD
LG