Accessibility links

Манас әуе базасы жайы Вашингтон мен Бішкек арасында талқылануда


Манастағы АҚШ әуе базасын жабу мәселесіне байланысты Вашингтонмен арада сөйлесулер жүруде. Бұл туралы Қырғызстан үкімет басшысы Игорь Чудинов мәлімдеді.

Сөйлесулердің жүріп жатқанын Пентагон өкілі Брайан Уитман да растады.

АҚШ базасы болашағы туралы жобаны ел үкіметі Қырғыз парламентіне ұсынған болатын. Парламент ол ұсынысты келесі аптада қарайды деген еді хабарлар.Манастағы әскери базаны жабу үшін ел үкіметіне парламент қабылдаған заң керек. Алайда парламентті президентшіл партия бақылауында ұстап отырғандықтан, парламент шешімі деген жай ресми әрекет қана болып отыр, деген еді сарапшылар.

АҚШ базасын жабу жөніндегі мәлімдемесін президент Құрманбек Бакиев сейсенбіде, Мәскеуде жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG