Accessibility links

Алматыда кәсіби боксерлер қолғап түйістірмек


ҚР кәсіби бокс федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Алматыда қазақстандық кәсіби былғары қолғап шебері Марат Мәзімбаевтың ұйымдастыруымен кәсіби боксерлер жарысы өтеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, Марат Мәзімбаев ұйымдастырып отырған алғашқы бокс бәсекесіне Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан былғары қолғап шеберлері шақырылған. Ал Қазақстанның атынан Қанат Алтаев, Қанат Орақбаев, Михаил Криницын, Берік Қалиев, Мейіржан Жақсылықов, Қанат Картенбаев, Талғат Досанов, Жанкеш Тұраровтар бәйгеге түспек.

Бокс кешінің ұйымдастырушысы Марат Мәзімбаевтың айтуынша, енді мұндай жекпе-жектер айына екі реттен өткізілетін болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG