Accessibility links

Өлкетану мұражайында өрт болды


Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы Қабанбай көшесінде орналасқан Ә.Найманбайұлы атындағы өлкетану мұражайы ғимаратында 62 шаршы метр жерді шарпыған өрт болды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 2 техникасының көмегімен ауыздықталды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
XS
SM
MD
LG