Accessibility links

Наразы топ үкімет басшысының қызметінен кетуін талап етті


Бүгін Астанада төрайымы Зәуреш Батталова болып табылатын «Лайықты баспана үшін» қоғамдық кампаниясының бастамасымен наразы топ Қазақстан премьері Кәрім Мәсімов отставкаға кетсін деген кезекті мәлімдемелерімен пикетке шықты, — деп хабарлайды Азаттықтың Астанадағы тілшісі Бауыржан Шаяхмет.

Наразы топтың айтуынша, билік үлескерлер, борышкерлер мен жерлерінен айырылып қалғандардың мәселесін шешудің орнына құрғақ уәде берумен шектеліп отыр. Ал бұл мәселе шешілмесе Қазақстанның біршама тұрғындары баспанасыз қалып, үйсіз-күйсіз қаңғыбастар қатарын көбейтпек.

«АҚШ долларының қымбаттауына байланысты банкке төлейтін несиеміздің де көлемі артып кетті, коллекторлық компаниялар келіп қорқытып кетеді, банктер сыртымыздан біздің баспаналарымызды сатып жіберейін деп отыр. Банктердің көбісіне қаржы беріп, басшыларын ауыстырып отырған биліктің бұл мәселені неге шешпей отырғанын түсінбейміз, билік бізді осы уақытқа дейін жекеменшік банктердің ісіне араласа алмаймыз деп сылтауратып алдап келді», — дейді наразылық білдірушілер.

Пикетшілердің бірі «Астана құрылыс материалдары» компаниясы үйін бұзып тастап, бала-шағасымен далада қалған Жанболат Мұқатов: «Менің үйімді 2006 жылы бұзып тастаған, оның орнына өтемақымды ала алмай жүрмін. Аталған компанияның сол кездегі басшысы Бауыржан Смайылов мен соттасып жүрген кезде үйімді күреп тастап, орнына жаңа құрылыс салып та үлгерді. Қазір мәжіліс депутаты болып отырған Бауыржан Смайылов менің имиджіме нұқсан келді, сен менен кешірім сұра, сонда ғана өтемақыңды аласың деп отыр, онда да ол екі жыл бұрынғы өлшеммен тағайындалған ақша, яғни 45 мың АҚШ доллары, ол ақшаға мен қазір ештеңе де сатып ала алмаймын», — дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG