Accessibility links

Гуантанамода террорға қатысты сотта соңғы айыптаулар алынды


Гуантанамодағы терроризм күдіктілері бойынша істерді қарап жатқан судья соңғы сот ісін тоқтатуға нұсқау берді. Ол істе 2000 жылы Йеменде АҚШ-тың әскери кемесін бомбалады деп күдіктелген Абд әл-Рахим әл Нашириге тағылған айыптар тоқтатылды. Осылайша судья Сюзан Кроуфорд президент Барак Обаманың Гуантанамодағы әскери трибуналдарды жабу жөніндегі бұйрығын орындап отыр. Ақ Үй тағы да 245 терроризм күдіктісінің ісін қайта қарап, оларды не АҚШ-та сотқа тарту немесе басқа елге беру мәселесі шешілетін болады.
XS
SM
MD
LG