Accessibility links

Тәжікстан АҚШ-тың Ауғанстанға қажетті заттарын тасымалдауға дайын


АҚШ ресмилері Ауғанстандағы НАТО мен Құрама Штаттар күштеріне қажетті әскери емес заттарды тасымалдауға жол ашуға Тәжікстан дайын деп айтуда. Бұл туралы Душанбедегі АҚШ елшісі Трейсей Энн Жакобсон Тәжік президенті Эмомали Рахмонмен жұма күнгі келіссөздерінен кейін хабарлап, жақын күндері Құрама Штаттар ресмилері Душанбеге бұл мәселені талқылауға келеді деді.

Тәжік президенті өз кезегінде тасымалданатын заттар атап айтқанда, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар, жанармай мен ауыз су сияқты әскери емес заттар болатынын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG