Accessibility links

Ресейдің АвтоВАЗ өнеркәсібі жұмысын тоқтатты


Ресейдің ірі көлік жасаушы АвтоВАЗ кәсіпорны көлік бөлшектерінің жетіспеушілігіне байланысты өнім шығаруын тоқтатты. Компания өкілінің айтуынша, Лада көлігін жасаушылар өнеркәсібін бейсенбі күні тоқтатқан. Ресейдегі экономикалық рецессияның салдары АвтоВАЗ саудасына да әсер еткен. Бұған дейін айына 50 мыңға дейін көлік сатып келген бұл компания қаңтар айында тек 29 мың ғана көлігін өткізген. АвтоВАЗ-дың төрттен бір бөлігін францияның Рено көлік шығарушы компаниясы иеленген.
XS
SM
MD
LG