Accessibility links

Мюнхен конференциясы екінші күн өтуде


Бүгін Германияның Мюнхен қаласындағы халықаралық қауіпсіздік конференциясы екінші күнге ұласты. Германия сыртқы істер министрі Франк Уолтер Штайнмайер отырысты ашқан сөзінде, мұнда қорғаныс мәселесі мен қарусыздануда бір келісімге келу мүмкіндігі бар деді. Ресейдің вице-премьері Сергей Иванов Штайнмайердің сөзін қайталап, тарихи өзгерістер мүмкін болды дегенді айтты. Ол АҚШ-тың жаңа әкімшілігі ядролық қарусыздану пактісін жаңартуға көмектессе дей келе, бірақ ол Американың Шығыс Еуропада зымыраннан қорғаныс орнату жоспарына әсер ете алмайды деп ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG