Accessibility links

Лавров: Ресей зымырандарын азайтуға дайын


Сенбі күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров егер Құрама Штаттармен жаңа келісім бойынша келіссөздер басталатын болса, Мәскеу ұлттың мүддесі үшін өзінің ядролық зымыран арсеналын азайтуға дайын деп мәлімдеді.
Лавров бұл туралы теледидар арқылы айтып, Мәскеуге Уашингтондағы жаңа әкімшіліктің бұл мәселеге басымдық беріп отырғаны ұнайды деген. Ресми Мәскеу біраздан бері мерзімі осы жылдың аяғында бітетін АҚШ пен бұрынғы Совет Одағы арасындағы келісімді Стратегиялық Қаруларды Азайту Келісімімен алмастыру келіссөздеріне қол жеткізуді қарастырып келген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG