Accessibility links

Пәкістан ғалым Ханның ядролық торабы жоқ деп отыр


Пәкістан үкіметі ядролық ғалым 72 жасар Абдул Қадир Ханды үй қамауынан босату жөніндегі өздерінің шешімдерін қорғап отыр. Сенбі күні сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши үкімет Ханнан барлық қажетті ақпаратты тартып алып, оның қара базар торабына тосқауыл қойды деп айтты. Оның айтуынша, ядролық маман Ханның ешбір ықпалы да, ақпарат беру мүмкіндігі де жоқ. 2004 жылы Абдул Қадир Хан теледидар арқылы өзінің Иран, Либия және Солтүстік Кореяға ядролық құпия мәліметтерді бергенін мойындаған соң, ол үй қамауына алынған. АҚШ ресмилері енді оның босатылғанына алаңдаушылық танытып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG