Accessibility links

Израиль Газаға әуеден соққы берді


Палестинаның қауіпсіздік қызметінің хабарларуынша, жұма күні Израиль Газаның оңтүстігіне бірнеше әуе шабуылын жасады. Тұрғындардың айтуынша, әуе соққылары Рафақ қаласының ашық жерлерін және Мысырмен шекаралас жерасты жолдарын нысанаға алған. Ешкім жараланбады.
Бұл операциялар палестиналық жауынгерлер Израилдің оңтүстігіне екі зымыран тастаған соң болып отыр.
Израиль Палестина аймағына әскери шабуылын аяқтаған қаңтардың 18-нен бері палестиналық бүлікшілдер 40 зымыран атып, минометтен от шашқан.
XS
SM
MD
LG