Accessibility links

Байден Мюнхенде Грузия президенті және Ресей вице-премьерімен кездеседі


Бүгін Германиядағы қауіпсіздік конференциясына қатысып жатқан АҚШ вице-президенті Джо Байден Ресей вице-премьері Сергей Ивановпен және Грузия президенті Михаил Саакашвилимен жеке-жеке кездеседі. Сенбі күнгі сөйлеген сөзінде Джо Байден Құрама Штаттар мен Ресейді өзара байланыстарында қауіпті ауытқулардан аулақ болуға және бірлесіп жұмыс істей алатын аймақтарды табуға шақырған.
Бірақ Байден АҚШ Грузияның жікшіл аймақтары Абхазия мен Оңтүстік Осетияны тәуелсіз ел ретінде мойындамайтынын айтты. Ол Грузияның екі аймағының тәуелсіздігін өткен жылғы тамыздағы қақтығыстан кейін Ресей мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG